Сүт биоөнімдерінің өндірісi
Қазақстан Республикасында сүт өнеркәсібінде пайдаланылатын ферменттер өндірісі ұйымдастырылған.
Төмендегі кестеде ферменттелген сүт өнеркәсібіндегі биоөнімдер бойынша деректер берілген.
Қазақстан Республикасында заттай нысандағы өнімнің өндірісi
8-кесте
|
| 2002 | 2003 | 2004 | 2005 ж. |
| Ферменттелген немесе ашытылған өзге де йогурт, сүт және кілегей, тонна | 53853 | 69599 | 76739 | 93941 |
| Ұйыған сүт және кілегей, йогурт, айран, қаймақ, ацидофилин, ферменттелген немесе ашытылған өзге де сүт және кілегей, тонна | 53009 | 68497 | 78189 |
|
| Ұйыған сүт және кілегей, йогурт, айран, қаймақ, ацидофилин, ферменттелген немесе ашытылған хош иістендіріл- меген немесе жеміс, жаңғақ не какао қоспасыз сүт және кілегей, тонна | 49144 | 62606 | 70902 |
|
| Ұйыған сүт және кілегей, йогурт, айран, қаймақ, ацидофилин, ферменттелген немесе ашытылған өзге де, хош иістендірілген немесе жеміс, жаңғақ не какао қоспасы бар сүт және кілегей, тонна | 3854 | 5874 | 7268 |
|
| Ашытылған сүт және кілегей, йогурт және ферменттелген өзге де ұнтақтағы, гранулдағы немесе басқа да қатты түрдегі өнімдер, тонна | 11 | 17 | 19 |
|
| Белсенді емес ашытқы; бір клеткалы өлі өзге де микро- организмдер, тонна | - | - | 6682 | 6987 |
Кестеден қарағанда, сүт биоөнімдерінің көлемінің өсу беталысы байқалады. Бұл сондай-ақ ферменттелген сүт өнімдерінің өндірісімен айналысатын компаниялар санының өсуімен байланысты, қазіргі уақытта бұл 170 кәсіпорынды құрайды.
Қазақстанда биотехнологиялық ғылымның және оның
эксперименталдық-өндірістік базаның іс жүзіндегі жағдайы
Кеңестік заманда Қазақстан өнеркәсіптік биотехнологияның негізгі өндірістік ролін атқарған. Мамандандырылған мекемелер құрылды және әскери-өнеркәсіптік кешенге кіретін стратегиялық маңызы бар жабық қалалар тұрғызылды. Біз 90-шы жылдардың басына жоғары білікті кадрлары және осы заманғы өндірістік базасы бар дамыған инфрақұрылым түрінде келдік. Он бес жыл ішінде биотехнологиялық зерттеулер деңгейі төмендеп, технологиялар ескірді. Ғалымдар мен мамандардың көбісі шетелге кетті, ал бірегей және қымбат өндірістер мүлдем тоқтап қалды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда биотехнологияның дамуы кеңестік нұсқаулы моральдық тұрғыдан ескірген ғылыми-өнеркәсіптік базамен, осы салада айналысатын мамандар топтары санының аздығымен сипатталады. Биотехнология мәселелерімен айналысатын мамандар топтарының аздығы осы салада бәсекелестіктің болмауына әкеліп соғады. Өз кезегінде зерттеулердің деңгейінің төмендігі ғылыми зерттеулерді қаржыландыруды ынталандырмайды. Теріс әсер мынадай факторлармен күшейтіледі:
ағылшын тілін білмеу (себебі, АҚШ, ЕЭО, Жапония және басқа да елдер көшбасшы болып табылады);
ақпараттың және халықаралық ынтымақтастықтың болмауы;
ғылымдағы "авторитарлық" дәстүрлер.
Қазақстанда өндірілетін биотехнологиялық өнімдердің спектрі тар және ол ашық рынокта бәсекелестікке қабілетсіз болғандықтан, өнімдерінің басым көпшілігі ішкі рынокқа бағытталған.
Степногор қаласындағы "Прогресс" ҒӨБ Технопарк" ААҚ құру және пайдалану тәжірибесі биология саласындағы озық зерттеулерсіз биотехнологиялық өндіріс ескірген технологиялар шеңберінен шықпайтынын көрсетіп отыр.
Дегенмен, Қазақстанда бюджеттік бағдарламалар шеңберінде биотехнологияның басым бағыттарына сай зерттеулер жүргізілуде, бұл:
Степногор қаласындағы «Прогресс» ғылыми-өндірістік бірлестіктің технопаркі» ашық акционерлік қоғамының биотехнологиялық өндірісті қалыптастырудың және дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы;
«Қазақстан Республикасында биотехнологиялық өнімдерінің өндірісін ғылыми-техникалық қамтамасыз ету және ұйымдастырудың» 2001-2005 жылдарға арналған республикалық ғылыми-техникалық бағдарламасы;
«Биожем» ЖШС алаңдарында фармацевтикалық өндірісті дамыту» салааралық бағдарламасы;
«Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер» бағдарламасы.
Көрсетілген бағдарламалар мына бағыттар бойынша жобаларды іске асыруды көздейді.
Ауыл шаруашылығы үшін биотехнологиялық өнім
Бидайды кешендік өңдеу жобасы бір жылға 53 мың тонна желімтікті шығаруды көздейді. Бұл ретте өнімнің 80% жақын және таяу шетелге экспортқа арналған. Жоба бойынша қаржыландырудың жалпы көлемі $60 млн. артық болуы тиіс. Жобаның өзін-өзі өтеу мерзімі шамамен 5 жыл құрайды деп болжанып отыр.
Құрғақ желімтік, крахмалдық сұйықтық 39%, крахмалдық қоспа 14%, кебекті алумен бидайды кешендік (терең) өңдеу Альфа-Лаваль фирмасының осы заманғы технологияларын пайдалануға негізделген. Бұл технология жоғарыда көрсетілген өнімді алумен өтімсіз, сұранысы жоқ бидайды өңдеуге мүмкіндік береді. Маркетингтік зерттеулер нәтижелері тамақ және микробиологиялық өнеркәсіпте, биотехнологияда ТМД елдерінің ғана емес, Еуропаның рыноктарында кеңінен қолданылатын желімтік пен крахмалдың тапшылығын көрсетті.
Осы өндірістің жанама өнімдері - крахмал мен кебек барлық қалған жобалар үшін негіз болып табылады. Антибиотиктер субстанцияларының өндірісін ұйымдастыру жобасы бойынша қажетті инвестициялар сомасы $39 мың құрайды.
Пестицидтер және жем қоспаларының өндірісін қосу жөніндегі жандандыру жұмыстары аяқталуға жақын. Кейінгілер "Одиссео-Еуразия" француз фирмасының жәрдемдесуімен жазда шығарыла бастайды. Спирт өндірісінің қалдықтарын өңдеу үшін учаскені құру аяқталуда.
Денсаулық сақтау үшін биотехнологиялық өнім
"Биомедпрепарат" АҚ базасында 16 препараттар (антибиотиктер, витаминдер, ферменттер және белоктар) өндірісін жасау, ал кейіннен оның номенклатурасын 50 атауға дейін жеткізу жоспарлануда. Жобаның құны - 5,8 млн. АҚШ доллары.
Сондай-ақ пробиотикалық препараттар: бифидумбактерин, колибактерин, лактобактерин, бификол - бір жылға 3,1 млн. флакон өндірісінің көлемін арттыру жоспарланды. Протеолитикалық иммобилизацияланған ферменттер өндірісін кеңейту жоспарлануда:
профезим - бір жылға 7 млн. флакон;
стоматозим - бір жылға 3 млн. флакон;
имозимаз немесе оның аналогы - бір жылға 3 млн. флакон.
"Биомедпрепарат" АҚ-ы негізгі өніммен қатар 10 млн. АҚШ доллар құнымен екінші сызықты монтаждау есебінен бір жолғы шприцтерді шығаруды кеңейту, сондай-ақ медициналық препараттарды радиоизотоптық стерилизациялау учаскесін құру жөніндегі жұмыстарды аяқтау қарастырылған, бұған 750000 АҚШ доллар қажет.
Болашақта қолданылу спектрі кең антибиотиктерді шығару белгіленген. Осы жобаны іске асыру нәтижесінде мыналарды өндіру жоспарлануда:
гентамицин - бір жылға 50 млн. флакон/ блистер/ туб/;
линкомицин - бір жылға 50 млн. флакон;
рифампицин - бір жылға 50 млн. флакон.
Бұл препараттардың кең көлемді өндірісін ұйымдастыру кеңінен қолданылатын антибиотиктерді сатып алуды жартылай төмендетуге мүмкіндік береді. Цефалоспориндік қатардағы антибиотиктерді шығару улылығы және өндірістің химиялық модификациялау қажеттілігі себебінен қарастырылмаған.
Ұзақ мерзімді кезең шеңберінде жоспарланатын басқа бағыттар гендік-инженерлік препараттар: адам инсулині - бір жылға 400-600 кг, интерлейкиндер, интерферондар, соматотропин өндірісін жасау болып табылады. Бұрынғы ССРО-да, гендік-инженерлік өндірістер бағдарламасының шеңберінде, "Биомедпрепарат" АҚ-та "Ely Lilly" фирмасының препаратына сапа бойынша жол бермейтін рекомбинанттық адам инсулині өндірісінің зертханалық және тәжірибелік-өнеркәсіптік регламенттері әзірленген. Бұл бағыт ТМД мемлекеттерінің Үйлестіру кеңесінің аясында медицина және денсаулық сақтау саласындағы ресейлік кәсіпорындармен бірлесіп бірыңғай инвестициялық іс-шаралар жоспары шеңберінде жүзеге асырылуы тиіс.
Ұзақ мерзімді кезеңге қатысты соңғы бағыт микробиология мен биотехнологияда пайдаланылатын микроорганизмдерді бөлу және идентификациялау үшін құрғақ қоректік орталардың өндірісін ұйымдастыру. Жобаның құны - 2,5 млн. АҚШ доллары.
Бұдан басқа, Бектұров атындағы Алматы химия ғылымдары институтымен бірлесіп никотин қышқылы мен туберкулезге қарсы препараттар өндірісінің жаңа технологиясын енгізу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде, сондай-ақ көмірқышқылдық экстракттар және галогендік препараттар өндірісін ұйымдастыру үшін жобалық-конструкторлық құжаттама әзірленген.
Медициналық арнаулы имозимаза препаратының өндірісі. Имозимаза ірің-ісік процестерін және жараның үстіңгі қабаттарын емдеу кезінде кеңінен қолданылатын жоғары тазартылған протеолитикалық фермент болып табылады.
Денсаулық сақтау үшін отандық субстанциялар негізінде фитопрепараттарды және басқа да дәрі-дәрмек құралдарды таблетка түрінде шығару. Арглабин, саллсоколин және науқастарға қажет басқа да бірегей таблетка түріндегі препараттар тұтынушы үшін едәуір қол жетерлік болады.
Өңдеу өнеркәсібі үшін биотехнологиялық өнім
Жоғары тазартылған этил спиртінің өнеркәсіптік өндірісі қажетті, экономикалық рентабельді және экологиялық қауіпсіз өнім болып табылады.
Қайта құрудың нәтижесінде брак-ректификациялық қондырғы ауыстырылған, бұл рынокта жоғары сұранысқа ие "Люкс" және "Экстра" маркасының жоғары сапалы этил спиртін алуға мүмкіндік береді.
Тазартылған ферменттер: глюкаваморин Г18, амилосубтилин Г18 өндірісі. Спирт өнеркәсібінде глюкаваморин және амилосубтилин препараттары кешенде крахмалы бар субстраттарды қанттау үшін пайдаланылады.
Спирт өндірісіндегі ферменттік препараттарды қолданудың негізгі мақсаты - тапшы солод бидайынан бас тарту, ашытқыны ашыту процесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және спирттің өзіндік құнын төмендету.
Этил спиртінің өндірісін қайта құруды ашыту процесін жетілдірумен және еріткіштердің өндірісі бойынша учаскесін ұйымдастырумен жүргізу.
Мұнай өңдеу өнеркәсібі үшін техникалық этанолдың кең көлемді өндірісін ұйымдастыру жөніндегі жобалар әзірлеу кезеңінде.
§ 3.2. Қазақстанда биотехнологияны дамытудың өзектілігi
Қазақстан Республикасында биотехнология өнімін тұтынудың стандарттарын,
ережелерін және қолдануға енгізу шарттарын әзірлеу және енгізу қажеттілігi
Биоиндустрияның табысының жоғарлылығы қандай бағамен болса да пайдалылығы кез келген бағамен жоғары пайданы қуу үшін себеп болуы мүмкін, сондықтан биотехнологиялар бір жағынан прогрестің күшті құралы болып табылады, басқа жағынан баяусыз және соқыр пайдалану кезінде теріс салдарға әкелуі мүмкін. Әлемде бүгін бұл мәселелер бойынша мынадай пікірлер қалыптасқан.
АҚШ-та өнімді тұтыну ол қатерлі екені дәлелдемегенге дейін қауіпсіз болып саналады. ЕО-да керісінше тұтыну қауіпсіз екені дәлелдемегенге дейін қатерлі болып саналады.
ГРИНПИС экологиялық ұйымы генетикалық модификацияланған өсімдіктерді азық-түлік және жем мақсатында пайдалануға тыйым салуды ұсынады, өйткені бұл өнімдердің ұзақ тұтыну жағдайында адам табиғатына қандай әсерін тигізетіні әлі белгісіз.
Бір қатар елдер ГМ (генетикалық модифицикацияланған) - құрамдары бар өнімдерді маркалауға қатаң талаптар қояды. ЕО-тан басқа ондай елдерге Жапония, Корея Республикасы, Австралия және Жаңа Зеландия жатады.
Қазақстан өз биотехнологияларының дамыта ма, дамытпай ма, ғаламдану жағдайында республика әлемдік биотехнология өнімін тұтынуға тартылады. Қазақстан дамыған елдердің тәжірибелік зертханасына айналмауы керек.
Жағымсыз салдарларға жол бермеу үшін мықты қорғаныс қою қажет, сол үшін Қазақстанға биотехнологияның импорттық және отандық өнімдерін пайдалануды бақылау мен мониторингінің жоғары білікті қызметтерін болуы қажет.
Қазақстанға биотехнология саласында дамудың басымдылығын белгілеген кезде
экономиканың қалыптасқан ерекшеліктері мен даму перспективаларын ескеру қажет
агроөнеркәсіптік кешеннің және тау-кен өндірісінің жоғары үлесін;
табиғи байлықтардың болуын және табиғатта экологиялық байланысты сақтауды ескере отырып, Каспий шельфін игеру жоспарларын;
экономиканың өсуінің сақталатын жоғары қарқындарын, мұнайхимия, құрылыс, көліктік-телекоммуникациялық кешен, ақпараттық технологиялар, тоқыма өнеркәсібі, туризм және спорттың даму перспективаларын;
жылдам өсетін және перспективті сату рыноктарымен көршілестікті (Орталық Азия елдері, Қытай, Үндістан, Ресей);
ядролық физика (Ядролық Физика институты, Курчатов қаласы),
ғарышкерлік (Байқоңыр ғарышжайы, Приозерск қаласы) саласында дамыған инфрақұрылымның болуы;
кеңестік ғылым мұрасының болуы (Республикалық микроорганизмдер коллекциясы, "Прогресс" ҒӨБ Технопаркі, биологиялық институттар және басқалар).
Аграрлық ел болып табылатын Қазақстан Республикасы үшін ауыл шаруашылығының биотехнология саласындағы технологияларды әзірлеу және жем қоспаларының өндірісі маңызды. Республикадағы мал шаруашылығын дамыту агроөнеркәсіптік кешеннің стратегиялық бағыты болып қала береді. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары мал мен құс басы өсуде.
Қазақстан Республикасындағы мал мен құс басы, мың бас
9-кесте
|
| 2000 | 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 |
| Мүйізді ірі қара мал | 4107 | 4294 | 4560 | 4878 | 5181 | 5440 |
| Қойлар және ешкілер | 9981 | 10479 | 11273 | 12247 | 13282 | 14275 |
| Шошқалар | 1076 | 1124 | 1230 | 1369 | 1341 | 1313 |
| Жылқылар | 976 | 990 | 1019 | 1064 | 1110 | 1160 |
| Түйелер | 98 | 104 | 108 | 115 | 123 | 128 |
| Құстар | 19706 | 21130 | 23791 | 24823 | 25481 | 25325 |
Қалыптасқан тенденцияларды ескере отырып, жем қоспалардың қажеттілігі жақын жылдарда 25 - 30% өседі.
Каспий шельфін игеру жоспарларына қатысты, Қазақстан планетаның мұнай державаларының элитасына оқыс кіріп қалды. Каспий теңізінің шельфінде мұнай кен орындарын өндіру және алдағы мұнай өндіру көлемдерінің артуы Қазақстан секторының жағалауындағы суларда мұнайдың көлемінің артуына әкеліп соғады, бұл өз кезегінде экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәселелерге әкеледі.
Мұнай және газ өнеркәсібі инвестициялар көлемі бойынша өнеркәсіп салалары арасында бірінші орын алады. Осыған қарамастан мұнайгаз өндіру және мұнай өңдеудің негізгі аудандары - Атырау мен Маңғыстау мен мұнайдың төгілуіне әкеліп соғады.
Мамандардың есептеуінше, өндіру, тасымалдау және өңдеу кезінде мұнайды жоғалту 1,5%-дан 15%-ға дейін құрайды, енді шығарылатын Қашаған мұнайының облыстарында жұмыстар артта қалған технологияларды, ескірген жабдықтарды қолданумен жүргізілуде, бұл авариялар болжанған қорларын ескерсек, мұнаймен ластану болжамдары үрей туғызады. Жанама газды факелдерде өртеу практикасы елеулі экологиялық және экономикалық залал келтіруде. Газдың өрттенуі кезінде кен орындарының айналасындағы жоғары жылылық аясының және қоршаған ортаның құрамдас бөліктерінің қышқылдануы мұнайлық кешендер айналасындағы топыраққа, өсімдікке, жануарлар әлеміне теріс әсерін тигізеді. Қайтарымсыз газдың ысыраптары бір жылға 740 млн. м3 құрайды. Теңгіз мұнайгаз кен орнының аймағында атмосфералық ауаның күкірт және азот диоксидтерімен ластануынан халықтың ауруының жоғары болуы (облыстық көрсеткіштерден 6-дан артық есе жоғары) айқындалып отыр.
Бүгінгі таңда мұнай өнеркәсібіндегі өндіріс қалдықтарының мәселесі өткір тұр. Мұнай өндірудің өсуімен жаңа мәселе пайда болды, ол күкірттің үлкен көлемдерінің жиналуы. Күкірттің қоршаған ортаға әсеріне баға беру әлі жүргізілген жоқ.
Каспийдің деңгейінің көтерілуі нәтижесінде 200 артық мұнай кен орындары мен ұңғымалары судың астында қалды, оның ішіндегі ірілері - Қаламқас және Қаражанбас, бұл тек биологиялық әр алуандығына (Каспийде бекіре балықтардың әлемдік қорларының 90%, орнитофауна түрлерінің үлкен саны, эндемик - каспий итбалығы шоғырланған) ғана емес, Каспий теңізінің бүкіл экожүйесіне де қауіпті болып отыр.
Мұнайдың төгілуі және оны жою бойынша жұмыстар жүргізу арасында уақытқа байланысты шаралардың барлық кешені не оның жекелеген блоктары жүзеге асырылады. Алайда, іс жүзінде барлық кезеңдерде мұнай сорғыш сорбенттерді қолдану орынды. Көптеген елдер мұнай сорғыш сорбенттерді әзірлеумен айналысуда, бірақ мамандардың көбі өсімдік қалдықтарынан сорбенттерді әзірлеу бағытына көңіл аударады.
Тау-металлургия кешені кәсіпорындарының қызметі нәтижесінде Қазақстан аумағында жыл сайынғы 1 млрд. т. жуық түсімімен 20 млрд.т. артық өнеркәсіптік қалдықтар жиналды, соның ішінде 230 млн. т. радиоактивті. Өндірілетін кеннің жалпы көлемінің 95% қалдыққа түседі, өте улы және сақтау үшін бейімделмеген орындарда орналасқан. Соңғы төрт жыл ішінде олардың жыл сайынғы пайда болуы 2002 жыл 92-ден 150150 млн. тоннаға дейін, немесе 1,6 есеге өскен. Олар Қарағанды - 29,4%, Шығыс Қазақстан - 25,7%, Қостанай - 17% және Павлодар - 14,6% облыстарында басым шоғырланған. Ауыр металдармен және мұнай өнімдерімен Қызылорда, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының жерлері ластанған. Осында тасталған және көмілген бұрғылау шөгіндісін, мазут сіңген және төмен радиоактивті сулардың көлемдеріне, жойылған жерлердің алаңдарына баға беру өте қиын.
Ақтау және Каспий теңізіне экологиялық апат қауіпі төнуде. Өнеркәсіптік алып Каспий жағалауындағы тау-металлургия комбинатының (КТМК) зауыттары ағынды суларды Ақтау қаласынан бірнеше ғана километрде орналасқан қазаншұңқырға тастаған, онда Қошқар ата жасанды көлі пайда болды. Бұл зауыттар негізінде уранды байытумен айналысқан. Уақыт өте келе Қошқар ата су қоймасында Менделеев кестесінің іс жүзінде барлық элементтері жиналған.
Қошқар ата көлі мен Каспий теңізі арасының ұзындығы 8 км аспайтын тар жағалау сызығы бөледі, сондықтан Қошқар ата қоймасының суларымен Каспийдің ластану қауіпі тұр.
Каспийді ластаудан басқа Маңғышлақ атом энергокомбинаты (МАЭК) Ақтау үшін су бөлігін алатын Құйылыс техникалық су кең орнының жер асты суларын ластау қауіпі төнді.
Грунт суларын улы және радиоактивті заттармен ластаудан басқа, Қошқар ата қоймасына байланысты тағы бір мәселе бар. Қазіргі кезде көл кеуіп бара жатыр, өйткені бұрынғы ПГМК зауыттары тоқтап тұр. Көлдің кепкен жағалауында улы шаң пайда болады, оны жел айналаға жаяды.
Маңғыстау экологтарының алдында күрделі мәселе тұр. Егер көлде бұрынғы су деңгейін сақтаса, улы қалдықтардың Каспийге тасталуы мүмкін. Егер көл кепсе, Ақтау және Ақшұқыр ауылының жанында барлық жерлер мен жайылымдар шаңмен ластанады.
Өнеркәсіптік өндірістің үнемі өсіп отыратын қалдықтарының көлемдері жаңа техногендік ландшафттарды қалыптастырады, ал биіктіктің өсуімен үйінділер мен террикондар қарқынды шаң шығуының көздері болады.
Тау-кен өнеркәсібінен кейін, өндіріс қалдықтарының көлемдері бойынша металлургия өнеркәсібі және энергетика екінші орын алады. 1,5 млрд. тоннадан артық қалдықтар тек Павлодар облысының Екібастұз ГРЭС қазба қалдықтарының қоймасында жиналған. Согриндік ГРЭС қазба қалдықтарының қоймасы Ертіс өзеніне түсетін қауіпі бар.
«Испатқармет» және «Қазақмыс» ААҚ ірі корпорациялары Қарағанды облысында 350 артық қалдықтарды сақтау полигондарын жасаған. Балқаш тау-металлургия комбинатының көп жылдық қалдықтары Балқаш жағалауының және суларының ластануына әкеліп соққан.
Нұра өзені өз металл сынаптың түптік шөгінділерімен белгілі. 20 жыл бойы "Карбид" өндірістік бірлестіктің және Теміртау қаласының басқа да зауыттарының сарқынды сулары, сондай-ақ Қарағанда ГРЭС-1 қазба қалдықтары тасталады. Қазба қалдықтары сарқынды сулардан сынапты абсорбцияланған және бүгінде ұзындығы 25 км Нұра өзенінің арнасы мен жайылмасында құрамында сынап бар тұнба шөгінділері пайда болған. Мұның нәтижесінде Қорғалжын мемлекеттік қорығы көлдерінің жүйесіне қауіп төнуде.
Қазақстанның орасан зор аумақтары әскери полигондардың қызметінен және ғарыштық техниканы ұшыруынан зардап шекті. 1949 және 1991 жылдары аралығында Семей сынақ ядролық полигонында 470 ядролық жарылыс жүргізілген. Қаза тапқандардың санын нақты есептеу мүмкін емес; сәулеленгендердің саны жарты миллионға жеткен.
Бұрынғы Семей ядролық полигонының аумағындағы радиоактивті уланған ауыл шаруашылығы мекендерінің саны 2 млн. га жуық.
Арал және Семей өңірлері экологиялық апат аймақтары деп жарияланған, онда табиғи экологиялық жүйелердің жойылуы, флора мен фаунаның деградациясы болған және қолайлы емес экологиялық жағдай салдарынан халықтың денсаулығына елеулі залал келтірілген. Экологиялық апат аймақтары елдің ішкі қауіпсіздігіне іс жүзіндегі қауіп болып табылады.
Қазіргі уақытта бұрынғы Семей полигонының жанындағы аудандарда (71,9 мың адам халықтың санымен 85 елді мекендер) онкологиялық аурулар және халық өлімі, қан айналымы жүйесінің аурулары, жаңа туған сәбилер дамуындағы ақаулар және мезгілсіз қартаю әсерінің жоғары деңгейі байқалып отыр.
Арал өңіріндегі экологиялық апат аймағында (186,3 мың халқымен 178 елді мекен) әсіресе әйелдер мен балалар арасында асқазан-ішек аурулары және анемия, балалар өлімі және туа біткен патологиялардың жоғары деңгейі байқалады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының аумағында төрт әскери-сынақ полигон және "Байқоңыр" кешені жұмыс істейді. Құлаған және құлап жатқан зымыранның үзіктері, қоршаған ортаға және тікелей жақын тұратын халыққа теріс әсерін тигізетін жоғары улы жанармайдың жайылуы іс жүзінде қауіп төндіруде. "Байқоңыр" ғарышжайынан зымыран тасығыштарын ұшыру жалпы көлемі 12,24 млн. гектар бөлінетін бөліктер құлау аудандарымен қамтамасыз етілген.
Мұндай жағдайда қоршаған ортаның қалпына баға беру ғарыштық құралдар, әскери техника және әскери объектілерді өндіру, сынау, сақтау және пайдалану орындарында, сондай-ақ өнеркәсіптік ұйымдардың орналасу, зымырандық-ғарыштық қызметті жүзеге асыратын әскери бөлімдер мен бірлестіктер дислокациясы орындарында техногендік әсерінің алдын алу және жою мәселесін шешуде маңызды орын алады.
Қазіргі уақытта «Зымырандық-ғарыштық қызметтің әсер етуінен зақымданған Қазақстан Республикасының аумағының учаскелерінің экологиялық жағдайының мониторингі» бюджеттік бағдарламасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге Елдің минералдық-шикізаттық кешенінің ресурстық базасын дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде әскери-сынақ полигондарының аумақтарында кешендік гидрогеологиялық және геоэкологиялық зерттеулер басталған.
Атомдық және химиялық әлемде өмір сүру қолайлы болып келеді, алайда сәулелерге, улы қосылыстармен ластануға, химиялық қарудың әлеуетті қаупіне байланысты қатердің қосымша элементтері пайда болды.
Қоршаған ортаның қалпына байланысты көптеген мәселелер табиғаты мен мәні бойынша экологиялық болып табылады. Осыған байланысты осы заманғы биологияның міндеттеріне табиғи экологиялық жүйелердегі жүйке жұқаруды анықтау және айқындау, оларды жандандыру және тұрақты экологиялық жүйелердің жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасау кіреді. Сондықтан соңғы он жылда ғалымдар әртүрлі экологиялық міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін жылдам дамитын биотехнология әдістеріне назар аударуда.
Биотехнология жетістіктері тек қоршаған ортаны қорғау мақсатында ғана кеңінен қолданылмай, биотехнологиямен байланысты бірінші кезекте адам денсаулығын қорғауға және қоршаған ортаның оң ахуалына бағытталған.
§ 4. Қазақстандағы ғылымды ұйымдастыру жүйесінің дамуына
ретроспективті тарихи шолу
Іс жүзіндегі қазақстандық биотехнология мектебі ғылымды ұйымдастырудың ескі кеңестік жүйесінің мұрасы болып табылатындықтан, оның мәнін түсіну үшін ескі кеңестік жүйені әлемнің осы заманғы озық жүйелерімен салыстыру қажет.
Экономикалық жүйелердің ең өрескел жіктеуі оны әртүрлі екі қағидаттық түрге бөледі - әкімшілік-басшылық (орталықтандырылған) және рыноктық (орталықтандырылмаған). Соңғысында мемлекетті қоса алғанда, барлық экономикалық субъектілер тең құқылы.
Биотехнология саласындағы ғылымдар мен өндірістер экономиканың кіші жүйесі болып табылатындықтан, олар іс жүзінде толық қабылданған экономикалық парадигмамен айқындалады.
Тарихи тәжірибе бүгінгі таңда бұл екі жүйенің сапалы айырмашылықтарын сипаттау, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін талдауға мүмкіндік береді.